Қазақстан президенті Жаркентте қала күндігіне қатысады

Н.Назарбаев Жаркентте қала күндігіне арналған мерекелік шараларға қатысып, "Жаркент мешіті" көркем-сәулет өнері мұражайында болып, жұртшылықпен жүздеседі. Сонымен бірге мемлекет басшысы "Көктал-Агро" ЖШС агроөнеркәсіптік кәсіпорнының жұмысымен танысып, аудандардағы ауылдық округтердің жетекшілерімен кездеседі.

Түстен кейін Н.Назарбаев Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы көп балалы Әбдиевтер отбасында болып, Ұйғыр ауданының 70-жылдығына арналған ауылдық спартатикаданың ашылуына қатысады.
Райымбек ауданында президент "Қарқара" жайлауына ат басын тіреп, социалистік еңбек ері Ж.Молдасановтың шаруа қожалығында болады.