Қазақстан президенті жазушы Дүкенбай Досжанның қаза болуына орай көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев танымал жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның отбасына және туыстарына көңіл айтып жедел хат жолдады.


           "Оның қаламынан шыққан әңгімелер, повестер және романдар мазмұндалу сұлулығы мен ұлттық бейненің жарқын сипатталуының арқасында оқырмандардың назарын бірден баурап алды", делінген онда.
           Н.Назарбаев атап өткендей, жазушының еңбегі әр жылдары әдебиет саласындағы елеулі сыйақылармен және мемлекеттік наградалармен атап өтілген.
           Қазақстан президенті жазушы туындылары халық есінде мәңгі қалады, деп атап өтті.
           Д.Досжан 71 жасында қаза болды. Ол "Жалын" журналының проза бөлімінде редактор, Қазақстан Ұлттық банкі мұражайының директоры, "Мәдени мұра – Культурное наследие" журналының бас редакторы болған.