Қазақстан Президенті Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіруді ұсынды

«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру туралы идеясы өте маңызды. Қазақстан Азия құрлығының қақ ортасында орналасқандықтан біз Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру жөнінде ұсыныс енгізгіміз келеді. Азия мен Еуропа елдерін байланыстыра отырып, бұл бағыт әлемдегі ең ірі көлік жүйесі атанады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы, «аграрлық секторға өзге де салалардағыдай қолжетімді көлік жүйесін құрудың маңызы зор және бұл Ұлы жібек жолын қайта жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызады», - деп атап өтті.