Мемлекет басшысы 18-қазан күні түстен кейін Шымкентке келеді деп күтілуде. Елбасы сол күні облыс атқамінерлерімен жүздеседі.
Сапар бағдарламасына сәйкес, 19-қазанда Елбасы Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі "Нұрсат" ықшам ауданының құрылыс барысымен танысады.
Биылдан салына бастаған ықшамаудандағы құрылыс жоспарына сәйкес 2007-жылға дейін мұнда 900 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұдан кейін Н.Назарбаев Желтоқсан көшесінің бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйге барып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етеді. Елбасы бұдан кейін облыстық перинаталдық орталық пен мақта өңдейтін "ЮТЕКС" АҚ-ын аралайды.