Қысқаша сәлемдесуден кейін президент Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базасына жүріп кетті. Ол азаматтық аэродромға таяу орналасқан. Бұл жерде Н.Назарбаев СУ-25 ұшағы мен басқа да әскери қару-жарақ түрлерін тамашалады. Спорттық жаттығу кешенін аралағаннан кейін ол осы авиабазадағы ұшу аппараттарының электрондық жабдықтарын қалпына келтіру орталығына
барады.
Түстен кейін Елбасы Шымкентте өтетін ІІ Бүкіләскер кеңесіне қатысып, "ИнтерКомШина" АҚ-ын аралайды.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті