Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте президент әкімшілігі басшысының орынбасары - мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Мұхтар Құл-Мұхамед мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Дж.Буш пен Н.Назарбаев демократияны алға жылжыту, лаңкестікпен күрес, энергетика, бостандық пен қауіпсіздікті кеңейту мәселелерін талқылайды.
"Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі бұл Елбасының АҚШ-қа алтыншы сапары, - деді Құл-Мұхамед. - Біріншісі 1993 жылғы мамырда болса, соңғысы 2001 жылғы желтоқсанда өтті".
"Біздің елдердің арасындағы қатынас әуел бастан-ақ қарқынды дамыған, бүгінде ол ұзақ мерзімді және тұрақты әріптестік деңгейіне жеткен", - деп атап көрсетті Елбасының баспасөз хатшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті