"Братиславада Елбасы Словакия басшылығымен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Словакия президентінің сарайындағы салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Иван Гашпарович біздің елдеріміз бен халықтарымызды жақындастыруға деген ұмтылысты айқындайтын сындарлы рухта өткен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізді.
"Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың барлық қырлары жөніндегі одан арғы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Келіссөздер барысында тараптар халықаралық тұрақтылықты, энергетикалық қауіпсіздікті, жаппай қырып-жою қаруын таратпауды, халықаралық лаңкестік пен экстермизмге қарсы күресті, демократиялық үдерістерді қамтамасыз ету мәселелерінде ортақ көзқараста екендіктерін атап көрсетті",- делінген хабарламада.