Қазақстан президентінің Түрікменстанға ресми сапары аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделуде

"Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі жақты шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің негізгі өзегі қазақ-түрікмен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарын әрі қарай дамыту жайы болады",- деді Е.Ашықбаев.

Атап айтқанда, тараптар қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнайгаз кеніштерін игеру жобаларына, ек ел арасындағы темір жол мен өзге де көлік жолдары тармақтарының құрылысына қатысу, бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін, сондай-ақ өазар қарыздарды реттеу, Түрікменбашы қаласында қазақ мектебін салу мәселелерін талқылауы жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті