Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-отырысы алдағы желтоқсан айында Астанада өтеді

Алдағы отырысты өткізетін нақты мерзім соңыра белгіленеді. Онда адам капиталын дамыту және білім мәселелері әңгіменің басты өзегіне айналмық.

ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998-жылы құрылған. Консультативтік және нұсқаушы орган болып табылатын кеңестің мақсаты – Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды нығайту, Қазақстанның ғаламдық экономикаға кірігуіне түрткі болу.