Отырысқа президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер төрағалық жасайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ертеректе өткен дөңгелек үстелде сөз сөйлеген табиғат қорғау мекемесінің басшысы Нұрлан Ысқақов елімізді тұрақты дамуға көшіру мақсатын шешуде Шетелдік инвесторлар кеңесімен ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты өз көзқарасын ортаға сала отырып, "шетелдік инвесторлар - Қазақстанға экологияға қатысты ең таңдаулы халықаралық тәжірибені әкелу факторы", деп атап өтті.
"Қазақстан президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысы тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналады", - деді Н. Ысқақов.
"Бұл отырыста біз Қазақстанның тұрақты дамуға көшу тұрырымдамасын жүзеге асыруға бизнес-құрылымдардың қатысу аясын кеңейтуге қатысты кең көлемді ұсыныстар жобасын жасаймыз деген сенімдеміз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті