Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше министрлікте Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысына дайындық мәселесіне арналған кеңейтілген құрамдағы "дөңгелек үстел" болып өтті.
Шараға Қазақстанда жұмыс істейтін әлемдік ірі компаниялардың өкілдері қатысты, атап айтсақ, "Би Джи Групп", "Шеврон Корпорэйшн", "ABN AMRO Банк", Европейского банка реконструкции и развития, ЭНИ, "Эрнст энд Янг", ENRC, "Арселор Миттал", "Эксон Мобил", "ЛУКОЙЛ Оверсиз", "Мицубиси Копорэйшн", "Коноко Филиппс", "Халлибертон", "Шелл" өкілдері мен мемлекеттке органдардың өкілдері қатысты.
"Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген табиғат қорғау мекемесінің басшысы Нұрлан Ысқақов елімізді тұрақты дамуға көшіру мақсатын шешуде Шетелдік инвесторлар кеңесімен ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты өз Қазақстанқарасын ортаға салды", - делінген баспасөз баянында. Ол "шетелдік инвесторлар - Қазақстанға экологияға қатысты ең таңдаулы халықаралық тәжірибені әкелу факторы", деп атап өтті. "Бұл 2010 жылы Астанада Азия-тынық мұхиты аймағы елдерінің тұрақты даму жөніндегі министрлер конференциясы, 2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерінің тұрақты даму жөніндегі министрлер конференциясы секілді аса ірі халықаралық шара өткізуді жоспарлап оытрған қазіргі сәтте аса маңызды", -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті