Қазақстан президентінің жолдауын сайлау алдындағы тұғырнама деп қарастыруға болады - "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Павлов

"Қазіргі саясаткерлердің арасынан Жолдаудан әлдеқайда қуатты сайлауалды тұғырнамасын ұсына алатын жан табыла қояр ма екен",- деп пайымдайды ол.

Елбасының жолдауында "Отан" партиясының 2004-жылғы парламент сайлауына дайындық барысында жария етілген басты межелер көрініс тауып, "қоғамдағы барша әлеуметтік топтардың мүддесі ескерілген",- деді А.Павлов.
"Отан" партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияевтің хабарлауынша, қазір партия штабы жолдау мақсаттарын жүзеге асыру үшін партияның 2009-жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Қазіргі жағдаймен әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік саладағы шаралар жоспары жасалып, саяси реформаларға және жастар саясатына қатысты ұсыныстар әзірленді. Мәдениет пен өнерді дамыту тұжырымдамасының жобасы жасалуда.
Партияның іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2009-жылға дейін денсаулық сақтау мен білім беру салаларына жұмсалатын шығындар мөлшері Жалпы ішкі өнімнің 4 және 5 процентіне дейін өсуге тиіс. Бұл аталмыш салалардағы жалақы мөлшерін 2,5-3 есе өсіруге мүмкіндік береді. Барлық көздерден берілетін зейнетақы мөлшері республика көлеміндегі орташажалақының 60 проценті деңгейіне жеткізіледі. Студенттердің шәкіртақысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, жас отбасыларға жеңілдетілген өсіммен баспанаға несие беру, аналар мен балаларды қолдау қаржысын арттыру көзделіп отыр.