Қазақстан Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алды

"Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алу жөніндегі қаулыға қол қойды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз хатшысы Айнагүл Шәкірова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағына Ресейдің Протон-М зымыран тасығышы құлаған соң Қазақстан осы тектес зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға тыйым салған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті