Грузияға қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімді Қазақстан үкіметі 2004-жылдың шілде айында, Грузия президенті Михаил Саакашвили тарапынан Қазақстан президентінің атына азық-түліктен нақты көмек көрсету туралы өтініш келіп түсуіне байланысты қабылданған.
Мемлекеттік қордан 2003-жылғы түсімнің 3-сортты бидайының 1 мың тоннасы қайырымдылық көмек ретінде жіберіледі. Көмек көрсету туралы шешім қабылданған сәттегі бидай бағасын ескергенде қайтарымсыз көмек құны 147 мың долларды құрайды.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" РМК қайырымдылық көмектің алғашқы партиясын 28-қазанда жөнелтті.