«Қазақстандағы қант сусамырымен ауыратын 227 мың адамның 1800-ін балалар құрап отыр. Medtronic компаниясы бірегей құрал-жабдықтарын әкеліп, қант сусамырының бірінші түріне шалдыққан 5 жастан 15 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға аз мөлшердегі инсулинді тері астына үздіксіз егу жүйесін енгізді. Ол балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде», - дейді Кардиология жәнем ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Эндрокринология бөлімінің жетекшісі Лейла Даниярова. Оның айтуынша, 5-тен 15 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық балалары инсулин сорғысымен тегін қамтамасыз етілуде. Бұл - еліміздің үлкен жетістігі. Қазақстан қазір әлемде қант диабетіне шалдыққан барлық балаларды инсулин сорғысымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз мемлекет болып отыр. Инсулин сорғысын қабылдағандар оны қабылдамайтын басқа балалардан ең алдымен психологиялық кедергіні жоюымен ерекшеленеді. Сондай-ақ олар аурудың асқынуынан қорғалған.