Біржан Жақыпов Қазақстан атынан алғышқы болып рингке шыққан болатын. Біздің спортшымыз алтын жүлде үшін Алжирлік Мохаммед Флиссимен болған жекпе-жекте үш раундтың қорытындысы бойынша 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Биылғы әлем чемпионатына 110 елдің спортшылары қатысты. Қазақстандық боксшылар төрт алтын медаль олжалап, бокстан әлем чепионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.