Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Елбасы бірқатар күш құрылымдарының жетекшілеріне жоғары атақтар берді

Елбасының "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" Жарлығына сәйкес, генерал-лейтенант әскери атақтары Қорғаныс министрінің орынбасарлары Николай Поспелов пен Болат Сембиновке берілсе, Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары төрағасының 1-орынбасары Алмаз Әбділманов, ҰҚК әскери қарсы бақылау департаментінің бастығы Жанат Жарасов, ҰҚК "Батыс" аймақтық басқармасының бастығы Елемес Жаңабергенов, ҰҚК кадрлар департаментінің бастығы Қайрат Сатыбалды генерал-майор әскери атақтарына ие болды. Осы Жарлықпен сондай-ақ авиация генерал майоры әскери атағын ҚР әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының орынбасары Александр Сорокин, полиция генерал майоры арнаулы атағын ішкі істер министрінің орынбасары Анатолий Выборов алды. Ал, 3-сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шенін Бас прокурордың орынбасары Георгий Ким мен Қызылорда облысының прокуроры Зарлық Лақпаев тақты.

"Бұл марапатқа сіздер еліміз сеніп тапсырған салада адал қызмет еткендеріңіз үшін ие болып отырсыздар",- деді генералдарды құттықтаған Н.Назарбаев.