"АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, адмирал Вильям Фэллон басқарған АҚШ әскери делегациясымен кездесуі барысында Қазақстан қорғаныс министрі АҚШ әскерилеріне Қазақстанның Қарулы күштерінде әскери жасақтарды автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу жобасымен біруақытта осы сала мамандарын дайындайтын оқыту орталығын құру жұмыстары да жүргізіліп жатқанынан хабардар етті", - делінген қорғаныс мекемесі таратқан хабарламада.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында аккредитацияланған әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арнап өткізілген брифингте Д. Ахметов "Қазақстан қарулы күштерін модернизациялаудың қазіргі кезеңіндегі басты басымдық - интеграциялы автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып табылатынын" мәлімдеген. Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл жүйе "мекеменің басқару, командалық және командалық-штабтық және басқа да іс-қызметтер қырларына қатысты мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді".
"Бұл жүйе еліміздің Қарулы күштерінің әскери практикасының барлық құрамды бөліктеріне интеграциялануға тиіс және бұл бағдарлама таяу уақыттарда жүзеге асырыла бастайды", - деді Д. Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті