Қазақстан қаржы полициясы жымқырылуы әбден ықтимал 3 млрд бюджет теңгесін алып қалды

Қазақстанда жылдың басынан бері шамамен 3 млрд теңге бюджет қаржысының орынсыз жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.


           Бейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, Ақмола облысы аудандарының бірінде жоспарлы түрде бір литрі 325 теңгеден АИ-92 бензинін сатып алудың алды алынды.
           "Қаржы полициясының дер кезіндегі қимылдары1 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, конкурс жүргізілгенде, оның біршама бөлігінің ұрлануы әбден ықтимал болатын", делінген онда.
           Сонымен қатар, 2013 жылға арналған мемлекеттік сатып алу туралы жылдық жоспарға мониторинг жүргізу кезінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің пәтерлерді жоғары бағамен алмақ болғандығы анықталған.
           "Мәселен, 4-бөлмелі пәтерді 32,2 млн теңгеге алу көзделген (214 667 АҚШ доллары); 5-бөлмені - 37,5 млн теңгеге, (250 АҚШ доллары). Басылымдарға қарағанда, қазір ондай үйлердің реалды бағасы Атырауда 16,5 - 22,5 млн теңге және 5- бөлмелісі 22,5- 27 млн теңге", делінген онда.
           Университеттің жауапты тұлғалары реалды бағаны неліктен 20,2 млн теңгеге артық жазғандарын түсіндіре алмады және бұл жоспарды қайта қарады.