Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Еуропаның сарапшылар ассоциациясына мүшелікке өтті

Қазақстандық қаржыгерлердің пікірінше, EFFAS қауымдастығына мүшеліктің пайдасы сол, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы соның арқасында ықпалды халықаралық қаржылық және инвестициялық ұйымдардың іс-қызметіне араласуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы алдында қаржылық сараптама саласында халықаралық үлгідегі сертификат алу мүмкіндігі пайда болмақ.

"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Еуропаның инвестициялық сарапшылар бірлестігі федерациясының бас ассамблеясына (EFFAS) мүшелікке өтуі Қазақстанның қаржы рыногының біртұтас Еуропалық қаржы рыногымен ықпалдастыққа жасаған алғашқы қадамдарының бірі болмақ. Бұл Қазақстанның қаржы рыногы үшін, әсіресе республика Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуге құлшыныс танытып отырған қазіргі таңда үлкен пайда әкелмек",- дейді Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығындағылар .