Қазақстан Қашаған жобасында өз үлесінің 16,8 % дейін ұлғаятынына үмітті - Мынбаев (толықтырылған нұсқасы)

"Біз Қашағандағы үлесімізді 16,8% ұлғайтамыз деп үміттенеміз", - деді С. Мыңбаев.

"Жалпы бұл туралы барлық бес компаниямен уағдаластық, бір компаниямен әлі баға жөнінде келісімге келген жоқпыз. Сондықтан, келіссөздер қаңтардың 15 дейін жалғасатын болады. Ал одан кейін не боларын көрерміз", - деп толықтырды ЭМРМ басшысы.

Қандай компаниямен келісім жасалмағаны жөнінде журналистердің қойған сұрағына С. Мыңбаев Эксон Мобил деп жауап берді.

"Жалпы біз қандай бағадан сұрап, олардың қандай бағаға келісіп отырғанын білеміз ", - деді ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан үкіметі Қашаған жобасында операторлық қызметін атқарған итальяндық ENI компаниясының жұмысына қанағаттанбады. Бұған кен орнына қатысты жасалған жаңа сметалық құжат себеп болды. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, өнім өндіре бастау мерзімі 2008-2010 жылға ауыстырылды.

Кейін, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ведомствосы Қашаған кен орынын пайдалану рұқсатын тоқтатты. Ресми мәліметтер бойынша, мұндай шешім Agip KCO консорциумының республикалық табиғатты қорғау заңдарын орындамағаны үшін қабылданған.

Үш айлық келіссөздердің нәтижесінде 2007 жылдың 3 желтоқсанында "ҚазМұнайГаз" Қашаған консорциумымен өзара түсіністік жөнінде хаттамаға қол қойып, онда жобаны іске асыру уақыты және шығындар көлеміне қатысты мәселенің қайта қаралатыны көрсетілді.

Құжат бойынша 20 желтоқсанда барлық компаниялар, өздерінің үлесіндегі бір бөлікті "ҚазМұнайГаз"компаниясына тапсыру және оның операциялық қызметіндегі ролін көтеру жөнінде келіссөздерді аяқтауы тиіс болатын.

Каспийдің солтүстігінде жатқан Қашаған кен орыны "Восток-1" ұңғысымен 2000 жылы ашылды. Бұл әлемде 30 жылдың ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі. Оның геологиялық қор көлемі бойынша 4,8 млрд тонна мұнай бар.

Каспийдің солтүстік жобасы Agip КСО консорциумымен іске асырылып жатыр. Оның құрамына 18,52% үлесі бар ENI (жобаның ортақ операторы), Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, 9,26% үлесіне ие ConocoPhillips, және 8,33% үлесі бар Inpex и "ҚазМұнайГаз" компаниялары кіреді.