Қазақстан Қашаған жобасында өз үлесінің 16,8 % дейін ұлғаятынынан үмітті - Мыңбаев

"Біз Қашағандағы үлесімізді 16,8% ұлғайтамыз деп үміттенеміз", - деді С. Мыңбаев.

"Жалпы бұл туралы барлық бес компаниямен уағдаластық, бір компаниямен әлі баға жөнінде келісімге келген жоқпыз. Сондықтан, келіссөздер қаңтардың 15 дейін жалғасатын болады. Ал одан кейін не боларын көрерміз", - деп толықтырды ЭМРМ басшысы.

Қандай компаниямен келісім жасалмағаны жөнінде журналистердің қойған сұрағына С. Мыңбаев Эксон Мобил деп жауап берді.

"Жалпы біз қандай бағадан сұрап, олардың қандай бағаға келісіп отырғанын білеміз ", - деді ол.