Қазақстан Қашағанның алғашқы мұнайына бірер күнде қол жеткізеді – министр

Қазақстан алдағы бірнеше күнде Қашаған мұнайын игеруге кіріспек. Бұл туралы еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.


           «Әзірге белгісіз, бірақ бір-екі күнде басталады деп күтіп отырмыз», - деді ол журналистердің осы мәселеге қатысты сауалына.
           Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» басшысы Сауат Мыңбаев кенішті игеру жұмыстары 9-қыркүйекте басталады деген болатын.