Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр - Ашықбаев

"Шиеленістің салдарынан көптеген адамның құрбан болуы біздің үлкен өкінішімізді тудырады", - деді Е. Ашықбаев.

Ал даулы аймақтағы Қазақстан азаматтараныа келсек, "Грузиядағы Қазақстан елшілігі еліміздің сондағы барлық азаматтарымен дерлік тікелей байланыс орнатқан. Ондай 100 жуық адам бар. Олар - Қазақстандық дипломаттар, Грузияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ, туристік және басқа да мақсаттармен сонда жүрген адамдар. Дәл қазір оларды көшіру жоспарланған жоқ, алайда, қажет болған жағдайда лайықты шаралар қолданылады",- деді Е.Ашықбаев.