Қазақстан «Қазіргі Жібек жолы» туристік жобасының үйлестірушісі болып тағайындалды

Мұндай шешім туризм саласындағы Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесі жұмыс тобының екінші кездесуінде қабылданды. Оған Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев басқарған қазақстандық делегация қатысты, деп аталмыш министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Этномәдени және экологиялық туризмді дамытуға бағытталған Ұлы Жібек жолы бойындағы бірлескен туристік бағыттар бекіту жоспарланған.


Кездесу барысында тараптар Түрік кеңесі елдерінің ұлттық туристік қауымдастықтарын бірыңғай туристік өнім құру жөніндегі жұмысқа тартуға келісті.