Қазақстан "ҚазМұнайГаз" құрылымын Ресейден мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор ретінде айқындайды

деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Мұнай өнімдерінің импорттық жеткізілімін реттеу және ішкі нарықта тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ресейден мұнай өнімдерін жеткізу бойынша «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бірыңғай оператор болып құрылады», деп министр бүгін Астанада мәжілісте өткен үкімет сағаты барысында атап көрсетті.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС – «ҚазМұнайГаз – Өңдеу және маркетиннг» АҚ-ның еншілес компаниясы. Қызметтің негізгі бағыттары – жанармай станцияларының желісін басқару, мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сату.