Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан Балхаш-Алакөл су алабын тиімді пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын дайындады - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

"Келісімнің жобасын үш мемлекет бірлесе дайындаған, қазір ол біздің мемлекеттік органдарымызда келісу сатысынан өтуде", - деді Н. Ысқақов

Оның атап көрсетуінше, "XXI ғасырда Орталық Азияның ұланғайыр аумағындағы экологиялық ахуал Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан аумағы арқылы өтетін Балхаш-Алакөл су алабының тағдырымен айқындалатын болады".

"Суды тиімсіз пайдалану салдарынан Балхаш көлінің тұрақтылығына зиян келсе, онда оның экологиялық залал-зардаптары тек Қазақстан үшін ғана емес, ҚХР үшін де теңдессіз болмақ", - деді Н. Ысқақов. Оның айтуынша, "елдер сондықтан да гидрология мәселелері бойынша етене жақын ынтымақтастықтан мүдделі".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті