Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 120,76 теңгені құрады

Жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 138,635 миллион долларды құрады. Ал бейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 258,515 млн. долларды құраған болатын.