Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 138,85 теңгені құрады

Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 10,210 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 14,665 млн. долларды құраған болатын.