Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 139,19 теңгені құрады

Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 11,505 миллион долларды құрады. Ал дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 7,660 млн. долларды құраған болатын.