Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейхерд бүгін, 24 ақпанда өткен жұп могул жарысында үздік болды. Еске салайық, осы жарыс түрінде әйелдер арасында Юлия Галышева үшінші орын алды. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын. Ал із қуу жарысында Галина Вишневская алтын медальға ие болған.