Қазақстан қоржынына Азиаданың тоғызыншы алтыны түсті

 Қазақстанның байдарка мен каноэде ескек есу командасы Индонезиядағы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ескек есушілеріміз өз шеберлігін дәлелдей білді. К-4 дисциплинасы бойынша Сергей Токарницкий, Илья Голендов, Андрей Дергунов және Евгений Алексеев алтын жүлдегер атанған.

Loading...

Екінші орында Оңтүстік Кореяның ескек есушілері, ал қола жүлдені ирандықтар алып кетті.


Азиада-2018 Джакарта мен Палембангте (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтіп жатыр

Read more: https://sputniknews.kz/sport/20180830/7036152/qazaqstan-aziada-2018-altyn-medal.html