Бүгін сондай-ақ Норвегия мен АҚШ командалары арасындағы кездесуде қарсыласын 6:3 есебімен ұтқан норвегиялық спортшылар жоғары топтағы өз орнын сақтап қалды. Енді «А» тобындағы командалар арасынан турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Швеция мен Ресей арасындағы соңғы ойын ғана қалды. Ал АҚШ-тың орнына бүгін канадалықтарды 6:0 есебімен ұтқан «В» тобының көшбасшысы Беларусь құрамасы басуы мүмкін. Олар 4 ақпанда американдықтармен іріктеу матчын өткізеді. Сенбі күні, сондай-ақ жартылай фимналдық ойындар, ал жексенбіде 2012 жылғы Әлем чемпионы мен жүлдегерлері анықталатын ақтық ойындар болады.