Қазақстан құрамасы Эквадорда ІІ Дүниежүзілік кадет ойындарында бірінші орынға шықты

деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.

Бір апта бойы әлемнің 25 елінен жиналған әскери қызметшілер Ойын барысында спорттың алты түрі бойынша жарысқа түскен, яғни жүзу, атыс, әскери күрес, волейбол, әскери бейімділікті көрсету, жеңіл атлетика бойынша бақ сынаған.

"Халықаралық жарыстарға Қазақстан қарулы күштерінің құрамасында Құрғақтағы әскерлер әскери институтының, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, қорғаныс министрлігі армиясының Орталық спорты клубының жаттықтырушы орталықтарының спортшылары қатысқан".

10 шақырымқа жүгіруден "алтынды" қатардағы Михаил Красилов алды, ол мәреге екінші болып жеткен эквадорлық Эдвин Моралесті 12 секундқа озған. Үшінші болып келген перуандық Нельфор Дайвис Ривера Варгас, делінген онда.