Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде 7 орынға жоғары көтерілді

Өткен айда біздің команда 147-ші орында болған еді.

Көш басында Әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы, екінші - Германия, ал Аргентина үшінші орында. ФИФА рейтингісі бойынша әлемнің үздік 10 құрамасы:

1 (1). Испания - 1564.
2 (2). Германия - 1421.
3 (4). Аргентина - 1349.
4 (3). Португалия - 1178.
5 (8). Италия - 1169.
6 (5). Англия - 1167.
7 (6). Нидерланды - 1128.
8 (9). Колумбия - 1110.
9 (12). Ресей - 1084.
10 (11) Хорватия 1078

Бір қызығы футбол десе ішкен асын жерге қоятын Бразилия құрамасы тағы да ондыққа ене алған жоқ. Пеле отандастары 13-ші орында келеді.