Қазақстан құрамасы Хопман Кубогында тағы да есе жіберді

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі берді.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова тізесін жарақаттап алуына байланысты оның орнын басқан Сесиль Каратанчева бельгиялық Жюстин Эненнен 4:6, 3:6 есебімен ұтылды. Келесі матчта Андрей Голубев Рубен Бемельманстан айласын асыра алмады, есеп - 4:6, 4:6.
Сондай-ақ жұптасып өнер көрсетуде де бельгиялықтар басымдық танытты.