ІІМ баспасөз қызметінің дүйсенбідегі хабарламасына қарағанда, жарысқа әлемнің 64 елінен келген 185 команда қатысқан. Дода қазанның 8-і мен 14-і аралығында Айберген және Грунло қалаларында өтті.
Қазақстанның атынан өнер көрсеткен ОҚО ІІД құрамасы Кипр, Анкара, Ыстамбұл, Франция командаларын жеңіп шыққан.
«Ақтық сайыста Санкт-Петербург командасынан жеңілген құрамамыз екінші орынға тұрақтап, полицейлер арасында өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанып қайтты», - делінген хабарламада.