Қазақстан құрамасы су добынан Әлемдік лиганың суперфиналында үздік бестіктің қатарына енді


Жеңімпаз ақтық финалда пенальти арқылы анықталды. Негізгі ойында Испаниямен 8:8 (1:2, 3:2, 2:2, 2:2) тең түскен Хорватия спортшылар пенальти кезінде 9:10 есебімен басым түсті. Ал американдықтардан 7:6 (1:1, 2:3, 1:2, 2:1) есебімен басым түскен итальяндықтар қола жүлдегер атанды. Сергей Дроздов жаттықтыратын қазақстандық команда ақтық сында қытайлардан есе қайтарды. Топтық сындағы 3-турда 8:8 (3:2, 2:2, 2:3, 1:1) есебімен тең түсіп, пенальтиде 5:4 боп ұтылған болатын. Ақтық ақтық сында Азиядағы басты қарсыласынан 7:5 (4:1, 1:1, 2:1, 0:2) есебімен басым түсіп, құрлықтағы өзінің көшбасшылығын дәлелдеп шықты. Жалпы Қазақстан құрамасы Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында су добынан ерлер арасында Азия құрлығынан қатысқалы отырған жалғыз ел болып отыр.