Қазақстан құрамасы Жапониядағы Азиадада төртінші орында келеді


Бұл туралы Sputnik хабарлады. 

Мәре сызығын 1 сағат 15 минут 40,3 секундта бірінші болып кескен квартетте Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий болды. 

Екінші орынды тағы бір қазақстандық құрама иеленді – Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов. Олар жарыс жеңімпаздарынан 14,2 секундқа қалып қойды. Үшінші орын Күншығыс елінің биатлоншыларына бұйырды.