Қазақстан құрамасы жауынгерлік спорт түрлерінен І Азия ойындарында жалпықұрамалық есепте екінші орын иеленді

Қазақстан құрамасы барлығы 34 медаль, соның ішінде 15 алтын, 7 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды.

"Жарыстар 9 спорт түрі (джиу-джитсу, дзюдо, карате-до, кикбоксинг, кураш, муайтай, пенчак силат, таэквондо, ушу және кунфу) бойынша 45 елдің арасында жүргізілді. Оған 2500 спортшы қатысты. Қазақстан 7 спорт түрі бойынша сайыстарға қатысты. Бірінші орынға 54 медальмен Таиланд ие болды ", - делінген хабарламада.