Қазақстан құрамасының футболдан Буркина-Фасомен жолдастық кездесуі тең аяқталды

Матч басталарда,  Буркина-Фасо командасының құрамы жарияланғанда-ақ, ойында айта қаларлықтай жаңалық болмайтыны белгілі болды, Қазақстанда олардың ойыншыларын ешкім де білмейтін болып шықты.

Қазақстан құрамасында да оқшау жағдай күтілген жоқ. Бауыржан Исламханның болмайтыны алдын ала белгілі болды. Қақпаға қарай алғашқы соққыны Африка футболшылар жасады. Бану Диавара алыстан допты қақпаға салуды көздеді, бірақ та доп қақпа үстінен өтіп кетті. Алаң қожайындары Ұлан Қонысбаевтың қақпасы маңынан қатты соққымен жауап қатты, Азат Нұрғалиев допқа сәл жете алмай қалды. Буркинолықтардың қорғаушыларының қателігі Таңат Нөсербаевтың қауіпті соққысымен аяқталды. Диавара тағы да қақпаға қауіп туғызды. Сайду Симпоре 40 метрлік қашықтықтан доп соқты, бірақ діттеген жеріне жеткізе алмады. Таймның соңына қарай африкандықтар айып добын соққанмен Қонысбаев басымен ұрып, допты мақсатынан тайдырып жіберді.

Таймның екінші бөлігінде де айта қаларлықтай ойын өрнегі болмады. Командалар ойыншыларға өзгеріс енгізгенімен, есеп ашылмады.