Қазақстан құрамасының қоржынына алты алтын медаль түсті

Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайтындағы ақпарға қарағанда, Қазақстан құрамасының қоржынында қазірдің өзінде 6 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.

Атап айтсақ, алтын медальды Дмитрий Кошкин, Алексей Полторанин (классикалық спринт), Юлия Галышева және Дмитрий Рейхерд (фристайл), Михаил Сорокин мен Ольга Новикова жеңіп алды.
Күміс медальдар спортшылар Николай Чеботко, Елена Коломина (классикалық спринт), Игорь Закурдаев пен Александр Бабенкоға бұйырды.
Ал, қола жүлде Оксана Ятская (спринт), Дмитрий Бармашов (фристайл), Николай Карпенко (трамплиннен секіру) және Евгения Кузьминаның еншісінде.
Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан бірінші орында (14 медаль), Жапония екінші орында (6 медаль), Қытай үшінші орында (2 медаль).