Қазақстан құрамасының Түркияға қарсы ойнайтын кеңейтілген құрамы жарияланды

«Қазақстан құрамасы  Премьер-Лиганың соңғы кезеңінен кейін 10 қарашада Талғарда жиналады. Медициналық тексеруден кейін команда Анталияға ұшады. Онда Түркия командасымен кездесуге дайындалады.  Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша бас бапкер 23 футболшыны таңдап, біздің құрама Стамбулға жол тартады. Мұнда 16 қарашада құраманың ағымдағы жылғы соңғы ресми кездесуі өтеді», - делінген таратылған хабарламада.

Қақпашылар:

Владимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»).

Қорғаушылар:

Ренат Абдулин («Атырау»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Александр Киров («Шахтер»), Рахымжан Розыбакиев («Қайсар»), Гафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»).

Жартылай қорғаушылар
:

Анатолий Богданов («Тобол»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Самат Смаков («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»), Андрей Финонченко («Шахтер»), Роман Мыртазаев («Шахтер»).

Шабуылшылар:

Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Алексей Щеткин («Тараз»).