«Мұндай ұсыныс жасаған жоқпыз, біздің Ринат Ибрагимов, Ислам Бозбаев, Елдос Сметов секілді өзіміздің жақсы дзюдошыларымыз бар, жастар арасында Олимпиадаға бармай қалған әлем чемпиондарымыз бар, жастар да жеткілікті», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдеді.
Олимпиада аяқталған соң федерациясы басшылығы қазақстандық дзюдошылар көрсеткен нәтижеге қарай шешім қабылдамақ.
Бұдан бұрын бірқатар ақпарат құралдары Қазақстан дзюдо федерациясы Қырғызстанның олимпиадалық құрама командасының екі мүшесі Юрий Краковецк мен Шыңғыс Маметовты сатып алмақ екен деген ақпар таратқан болатын.