Сапар Исаковтың сөзінше, Қырғызстан өз тарапынан барлық талаптарға жауап беретін зертхана ашып, картопты тексеруден өткізгеннен кейін, Қазақстанға жеткізу керек.
"Қазір бұл іспен ауыл шаруашылығы министрлігі айналысып жатыр. Жақын арада барлық мәселелердің шешімі табылады деп ойлаймын", - деді ол.
Еске сала кетейік, қырғыз картобына тыйым салу жөніндегі шешім Қазақстан тарапынан биылғы жылдың 4 мамырында шыққан. Астананың мәліметінше, 2016 жылдың қаңтарынан бері жұмырқұрт түскен картоп жеткізген 79 оқиға тіркелген. Қырғыз тарапы қазақ әріптестерінің енгізген тыйымы негізсіз деген. Олар тек зертханадан өткізілген көкөністердің ғана жеткізіліп келгенін алға тартқан. 2016 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанға 1 мың 400 тонна картоп кіргізіліп, оның 113 тоннасы құрт түскен деп кері қайтарылған.