Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективаларын талқылады.
Премьер-министр Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің мерзімі аяқталуына байланысты Ж. Сааданбековке Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Ж. Сааданбеков екіжақты қарым-қатынастарды дамыту ісіндегі көмегі және ынтымақтастығы үшін республика үкіметіне алғыс айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті