Елшінің сөздері бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық көлемі жыл сайын ұлғаюда. 2007 жылы оның мөлшері $177,9 млн жетті, ал 2006 жылы оның көрсеткіші $136 млн құраған болатын.
"Соңғы кезде Қазақстан жағы банк саласымен қатар, аймақтық су энергетикалық ресурстары саласына назар аударып, оны халықаралық су энергетикалық консорциумы немесе бірлескен кәсіпорындарын құру арқылы пайдалануды ойластыруда", -деп атап өтті Б. Әлбергенов.
"Инвестиция көлемі одан әрі қарай ұлғаятынына сенімдімін", -деп ойын толықтырды Қазақстан істері жөніндегі Қырғызстандағы уақытша өкілі.