Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысының қорытындысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Қырғызстан Президенті Алмазбек Атабаев айтты.
«Біз Еуразиялық одаққа кірмекпіз. Осы ретте Қазақстан өзінде артық қаржысы болмаса да Қырғызстанды қолдауға 100 млн. доллар бөледі. Мұндайды бауырлас халық қана жасай алады», - деді А.Атамбаев.
Айта кетейік, екі елдің мемлекет басшылар мемлекетаралық кеңестің алдында шағын құрамдағы кездесу өткізді. Онда Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік-транзиттік, және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Н.Назарбаев пен А.Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үрдістердің негізгі даму бағыттары туралы сөз қозғады.