Қазақстан Қырғызстанға 100 млн. доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуі мүмкін

Алайда, кездесуде Д.Ахметовтың атап көрсеткеніндей, ол үшін тараптар халықаралық талаптарға сәйкес шарттарды орындауы керек.

Қазақстан Қырғызстанға салынған инвестициясының көлемі жағынан бірінші орында. Еліміз үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2006-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестиция көлемі 56,2 млн. долларды құрады. Ал ТМД елдерінің жалпы инвестициясының ауқымы 63,1 млн. долларға тең болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті