Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавируспен күрес аясында Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Қырғызстанға 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі. Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.